Business intelligence немесе қысқаша BI — бизнес-талдау, бизнес-сараптаманы білдіреді. Бұл түсінік басқарушыларға өз компаниясының қордаланған ақпаратын белгілі мақсатта талдау жасау үшін көмектесетін құралдар (жиі бағдарламалық жасақтама) жиынтығын білдіреді. Компанияның проблемаларын айқындап, жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған үлкен көлемді ақпаратты өңдеп, саралаушы Business intelligence құралдарының ролі зор.

Business Intelligence процестерінің cұлбасы

Business intelligence- ге тиісті бизнес-сараптау — ағымдағы жағдай түралы мағлұматты есептеме құрудағы әдістер мен құралдарын білдіреді. Бизнес сарапшылар басқарушылық шешімдер қабылдар кезде маңызды ақпаратты жүйеден шығарып, айқындап беруі керек.

Бүгіндері көптеген компаниялар жоспарлау, орындау, жоспар-факт есептемелерін құру, әрі бизнес іс-әрекеті тиімділігінің мониторингі саласында қиындықтарға душар болуда, өйткені жоғарыда аталған процесстер көбінесе қолмен жүргізіледі немесе әрқилы ақпараттық жүйелерде жасалынады және бір-біріне кереғар мағлұматтарға сүйенеді. Бизнес талдау жүйелері көмегімен компаниялар жоспарлау, болжау, бюджеттеу процестерін кемелдендіріп, уақытылы шешім қабылдауда қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізе алады.

Қолданыс аясы

өңдеу

Business Intelligence жүйелері компаниялардың әртүрлі басқару деңгейлері үшін де эффективті ақпарат көзі болып табылады. Сонымен қатар, ірі, орта және кіші бизнеске қатыстылығына қарамастан барлық салалардың кәсіпорындары үшін бастапқы өңделмеген мәліметтерді пайдалы ақпаратқа айналдырудың бірден-бір тетігі болып есептеледі. Бизнес талдау жүйелері әмбебап болғандықтан, олар көптеген іскерлік тармақтарды қамти береді. [1]Мысалы:

  • Қаржылық талдау;
  • Сатып алу және шығын талдауы;
  • Жеткізушілер міндеттемелерін орындау және оларды оперативті басқару талдауы;
  • Сатылымдардың анализі және болжамы;
  • Қоймалық қорларды басқару;
  • Маркетингтік жоспарлау және маркетингтік әрекет тиімділігі талдауы; • Күрделі көрсеткіштерді есептеу;
  • Қаражат ағындарын күнделікті бақылау;
  • Кредиторлар төлемдік тәртіптеріне анализ жасау;
  • Несиелеу тәуекелдерін бағалау;
  • Адам ресурстарын басқару бойынша талдау;
  • Тапсырыстарды орындау және басқару бойынша талдау;
  • және т.б.

BI шешімдері платформалары

өңдеу

Әлемдік өндірушілердің BI құралдары бойынша бағдарламалық өнімдеріне жатындар: Microsoft BI, Sap Business Objects, Oracle BI, Sybase IQ. Бағдарламалық қамсыздандыру өнімін таңдауға келгенде қолданыстағы оперативтік жүйемен, IT ортамен интерфейс орнату күрделілігі, қолдану модельдері, өнім бағасы сияқты факторлар әсер етеді. BI жүйесін еңгізу бойынша инвестициялардың өтелімділігі салаға, кәсіпорынға байланысты бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.

Дереккөздер

өңдеу
  1. IT-tirlik танымдық-ақпараттық журналы Мұрағатталған 23 маусымның 2012 жылы.
  NODES