II Мехмет

Осман империясының жетінші сұлтаны (1444-1446 және 1451-1481)

II Мехмет (осман. محمد ثانى‎ — Mehmed-i sânî; 30 наурыз 14323 мамыр 1481) — Османлы мемлекетінің 7-ші сұлтаны, қолбасшы.

II Мехмет
осман. محمد ثانى‎ — Mehmed-i sânî
Рим кайзері
II Мехмет
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 7-ші сұлтаны
3 ақпан 1451 — 3 мамыр 1481
(Лақап аты Жаулаушы II Мехмет)
Ізашары II Мұрат
Ізбасары II Баязит
тамыз 1444 — 1446
Ізашары II Мұрат
Ізбасары II Мұрат
Ту
Ту
Маниса санжақбейі
1446 — 3 ақпан 1451
1438 — тамыз 1444
Өмірбаяны
Мамандығы Қолбасшы
Діні Ислам
Дүниеге келуі 30 наурыз 1432 (1432-03-30)
Эдирне, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 3 мамыр 1481 (1481-05-03) (49 жас)
Гебза, Османлы мемлекеті
Жерленді Фатих мазары, Ыстамбұл
Династия Османлы әулеті
Әкесі II Мұрат
Анасы Хүма қатын
Жұбайы Әмина Гүлбаһар қатын
Хелена қатын
Алексия қатын
Гүлшаһ қатын
Ситти Мүкриме қатын
Шешек қатын
Анна қатын
Балалары Ұлдары:
II Баязит
Мұстафа шаһзада
Жем шаһзада
Қызы:
Гауһар сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
II Мехмет Ортаққорда

Османлы тарихындағы ең ұлы сұлтанның бірі, мемлекетті империя дәрежесіне көтерген сұлтан. Константинопольдің жаулаушысы ретінде күллі әлемге танымал билеуші. Бұл жаулаудан кейін өзіне "Рим кайзері" деген атақ алды. Бұдан былай Османлы мемлекеті Шығыс Рим империясының ізбасары ретінде қарастырыла бастады. II Мехметтің әскери күші өте мықты еді, өзінің барлық ондаған шайқастарының ішінде тек бірнеше рет қана жеңілді. Оның Италияны жаулау, Рим папасын тізе бүктіру және т.б. ірі жоспарлары оның нашар денсаулығы кедергі болды. Әйтпесе, аз уақыт ішінде Солтүстік Италияны бағындырған II Мехмет өз жоспарларын іске асыруы әбден мүмкін еді.

Өмірбаяны

өңдеу

II Мехмет 1432 жылы османлы елордасы Эдирнеде османлы сұлтаны II Мұрат шаңырағында дүниеге келді. 6 жасында әкесі оны Маниса санжақбейі етіп тағайындады. Ол осы лауазымда 1444 жылдың тамызына дейін болды.

 
II Мехмет тұсындағы Османлы мемлекеті

1444 жылы әкесі 12 жасар II Мехметке өз тағын тапсырып, өзі мемлекеттік істерден уақытша безді. 20 маусым 1444 жылы поляктар мен сербтер османлыларға қарсы әскери әрекеттер жасай бастады. II Мехмет әкесі Мұратқа османлы әскерін бастап, поляктар мен сербтерді талқандауға бұйрық берді. 10 қараша 1444 жылы Мұрат бастаған османлы әскері крестшілерді талқандады.

1446 жылдың күзінде Мұрат Шандарлы Халил паша қолдауымен өзіне тақты қайтарды. Ал Мехмет Маниса санжақбейі лауазымына қайтып келді. 5 жыл бойы Мехмет өз білімін тереңдетіп, әлемнің, өмір мен өлімнің сырларын ашу үшін метафизикаға қызыға бастады.

1448-1450 жылдары II Мұрат бұйрығымен Мехмет шаһзада Албания жорығына қатысты, бірақ Ескендір бей османлыларға қатты соққы берді. 1451 жылы әкесінің қазасына байланысты Эдирнеге келіп, екінші рет османлы тағына отырды.

Дұшпан бұған қарап қалмады. Анадолыны жаулауды ойлаған Қараман бейлігі Сейітшаһар мен Ақшаһар қалаларын қоршады. Ал сербтер бірнеше бекіністі басып алды. Бұл жайттарға II Мехмет уақытша жауап бермеді. 1451 жылы мажарлармен және венециялықтармен уақытша бітім шартқа отырды. Осындай баяулық венециялықтарда сенімділікті көбейтіп, Венеция мен оның одақтастарының біріккен теңіз әскері Шанаққала бұғазына басып кірді.

Константинополь жаулауы

өңдеу
 
II Мехметтің Константинопольге басып кіруі. Ж.Б.Констант, 1876 жыл

Бірақ II Мехметте мүлдем басқа жоспарлар болды. 23 наурыз 1453 жылы ол Константинопольді жаулау жоспарын құрып, Эдирнеден үлкен әскермен жорыққа шықты.

5 сәуір 1453 жылы сұлтан 100-мыңдық әскерімен қазіргі Сұлтанахмет ауданының жанына аялдау жасап, келесі таңда үлкен зеңбіректерден оқ атуға бұйрық береді. 53 күнге созылған шайқас, ақырында, 29 мамыр 1453 жылы османлылардың Константинопольді жаулауымен аяқталады. II Мехмет қаланы тонауға бұйрық берді. Бірақ сұлтан қаланың мәдени мұрасын сақтауға тырысты. Қаладағы ең негізгі Әулие Софья шіркеуін мешітке айналдырады, алайда сұлтан жергілікті христиан халықтың өз діндерін ұстай беруіне болатыны жайында, оларға ешқандай қысым көрсетілмейтіндігі жөнінде үкім шығарады.

Бұл жаулаудан кейін венециялықтар мен генуэздіктер османлылармен жауласпау және еркін сауда жүргізу туралы келісім жазысты.

Балқан түбегінің жаулауы

өңдеу
 
II Мехмет суреті. Джентиле Беллини

1454-1455 жылдары Сербия жауланды. Серб билеушісі османлы сұлтанының вассалы болып, жыл сайын оған алым-салық төлеп отырды.

1456 жылы Эгей теңізіндегі Тамоз, Имроз, Семендре және Лемнос аралдары жауланды. Сонымен қатар II Мехмет Белградқа жорық жасады, алайда Янош Хуньяди бастаған қала қорғанысы османлылардың қоршауына тойтарыс бере алды. Бұл тойтарыс Мажарстанда жасалған османлы шапқыншылығын 70 жылға тоқтатты.

1457 жылы II Мехмет грек төңкерістерімен күресті. Сонымен бірге османлылар венециялықтармен жасалған келісімді бұзып, Патрас пен Коринфті басып алды. Ал Мореяға жасалған жорық 1458 жылдың аяғына дейін жалғасты.

Рим папасы III Каликст Османлы мемлекетіне қарсы мұсылман халықтарын біріктіруді жоспарлады, бірақ оның өліміне байланысты бұл жоспар іске аспады. Келесі Рим папасы II Пий де христиан халықтарын біріктіруді ойлады.

1458 жылы сұлтан Сербияға Махмұт пашаны жіберді, бұл жорықта ол Решавы, Куруджи және Осировичті басып алды. 1460 жылы сұлтан Мореяға өзінің екінші жорығын жасады. II Димитрий тұтқынға алынды, ал оның інісі Фома императорлық елтаңбаны III Иванға тапсырып, өзі Италияға қашты.

1460 жылы Жаулаушы Мехмет Амасраны басып алды. Синоп Аспандиярұлылардан, ал Понтостан Трапезунд тартып алынды.

1462 жылы II Мехмет Валахияға аттанды. Өзінің қадаға қадау жазасын қолдануымен танымал болған валах билеушісі Қазықты III Влад османлы әскерлеріне "түнгі шабуыл" жасап, жауынгерлердің көбісін талқандады.

1463 жылы Махмұт паша қиындықтарға қарамастан Мораддада болған халық толқуларын басып, гректердің көбісін Константинопольге қоныстандырды. 1465 жылы Герцеговина толықтай Османлы мемлекетіне қарады. 1461 жылы Ескендір бей II Мехметті өзін Албания билеушісі екенін мойындатты. Оған қарамастан, 1466 жылы II Мехмет Албанияға өзінің екінші жорығын жасап, маңызды бекіністерді тартып алды.

II Мехмет Венецияға тиесілі болған Албанияның кең-байтақ жерлеріне жорық жасап, Шкодер мен Круяны басып алды. 25 қаңтар 1479 жылы венециялықтар османлыларға бітім шартты ұсынды. Шарт бойынша Венеция II Мехмет жаулаған албандық жерлердің жаулауын мойындады, ал Османлы Сұлтандығы Мореяда жаулап алынған барлық кемежайларын Венецияға қайтарды. Сонымен қатар 10 мың алтын үшін Венеция кемелері османлы айлақтарына тоқтап, сауда жүргізуге құқылы болды.

Соңғы жорығы және ажалы

өңдеу

1480 жылы Родосты қоршады. Ал сол жылдың жазында османлылар Отрантоны жаулады. Османлы флоты Лечче, Таранто, Бриндизи және Вьесте қалаларына тонау жорықтарын жасады. Рим папасы IV Сикст Римді қорғау жоспарын жасап, барлық христиан мемлекеттерін қорғануға шақырды, алайда жәрдемге тек Мажарстан мен Неаполь ғана келді. Мажарстан 1 600 жауынгер жіберсе, Неаполь ұйымдастырылған жасақ құрды. Христиандардың қуаныштарына орай, 3 мамыр 1481 жылы II Мехмет сырқаттан қаза тапты.

Садрағзамдары

өңдеу
Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
11 Шандарлы Халил паша тамыз 14441446 2 жыл
Шандарлы Халил паша 3 ақпан 14511 маусым 1453 2 жыл 3 ай
12 Зағанос паша 1 маусым 14531456 3 жыл
13 Әулие Махмұт паша 14561466 10 жыл
14 Римді Мехмет паша 14661469 3 жыл
15 Ысқақ паша 14691472 3 жыл
16 Әулие Махмұт паша 14721474 2 жыл
17 Гедик Ахмет паша 14741476 2 жыл
18 Қожа Синан паша 14761477 1 жыл
19 Қараманды Мехмет паша 14771481 4 жыл
20 Ысқақ паша 14813 мамыр 1481 ?

Өнерде

өңдеу
  •   «Маометто II» операсы (1820 жыл)
  •   «Дракула сері» фильмі (2000 жыл, II Мехмет рөлінде — Клаудиу Блеонц)
  •   «1453 жылғы жаулау» фильмі (2012 жыл, II Мехмет рөлінде — Дәуірім Әуен)
  •   «Фатих» фильмі (2013 жыл, II Мехмет рөлінде — Мехмет Әкіп Алақұрт)
  •   «Османлы шапалағы» телехикаясы (2013 жыл, II Мехмет рөлінде — Ысмайыл Қажыұлы)
  •   «Дракула» фильмі (2014 жыл, II Мехмет рөлінде — Доминик Купер)
  Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары  
Ізашары
II Мұрат
II Мехмет
Бірінші рет сұлтандық етуі
тамыз 14441446
Екінші рет сұлтандық етуі
3 ақпан 14513 мамыр 1481
Ізбасары
II Мұрат
II Баязит
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат
  NODES