Францияның ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институты (фр. Institut national de la statistique et des études économiques, қысқ. INSEE немесе Insee) — статистикалық деректерді есептеумен айналысатын Францияның ресми институты. Бұл мекемені «Экономика, өнеркәсіп және жұмыспен қамту министрлігі» басқарады. Мекеме институт болғандықтан тәуелсіз болып табылады. 2007 жылдың қазан айынан бастап институттың директорлық қызметін Жан-Филипп Коти атқарады.

Міндеттері

өңдеу

Негізгі міндеттері:

  • Халық санағын өткізу және ұйымдастыру, Францияның тұрғындарына қатысты әр түрлі статистикалық мәліметтерді жариялау;
  • Тұрғындарының кәсіпкерлік пен шаруашылыққа қызығушылығы жөнінде ақпарат жинау;
  • Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қадағалау әрі бағалау (ЖІӨ, жұмыссыздық, кедейлік деңгейі және т.б.);
  • Әр түрлі индекстерді жариялау (баға және табыс индексі, тұтынушылық баға индексі және т.б.).

Тағы қараңыз

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
  NODES