І Елизавета (ағылш. Elizabeth I; 1533 жылы 7 қыркүйек, Гринвич1603 жылы 24 наурыз, Ричмонд)[1]Англия мен Ирландия патшайымы, 1558 жылы 17 қарашадан-1603 жылы қайтыс болғанға дейін. Кейде "Пәк Патшайым" деп аталады, Елизавета Тюдор Үйінің бес монархының соңғысы болды.

I Елизавета
ағылш. Elizabeth I
I Елизабет
I Елизавета
Лауазымы
Ту
Ту
Англия патшайымы
Ту
Ту
17 қараша 1558 жыл — 24 наурыз 1603 жыл
Тәж кигізу жорасы 15 қаңтар 1559
Ізашары І Мария және ІІ Филипп
Ізбасары І Джеймс
Ту
Ту
Ирландия патшайымы
Ту
Ту
17 қараша 1558 жыл — 24 наурыз 1603 жыл
Ізашары І Мария және ІІ Филипп
Ізбасары І Джеймс
Өмірбаяны
Діні Англикандық
Дүниеге келуі 7 қараша 1533 (1533-11-07)
Плацентия сарайы, Гринвич, Англия Патшалығы
Қайтыс болуы 3 сәуір 1603 (1603-04-03) (69 жас)
Ричмонд сарайы, Лондон, Англия Патшалығы
Династия Тюдорлар
Әкесі VIII Генрих
Анасы Анна Болейн
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Монограммасы Монограммасы
I Елизавета Ортаққорда

Елізабет І Тюдор өмірінің негізгі хронологиясы

өңдеу

Өмірбаяны

өңдеу
  • Елізабет Англия патшасы VIII Генрих Тюдор мен Анна Болейннің қызы, 7 қыркүйекте 1533 жылы Гринвичте патша сарайында туған. 1534 жылғы патшаның өсиеті бойынша тұқымында еркек кіндікті болмағандықтан Анна қайтыс болған жағдайда тақ мұрагері болып Елизавета тағайындалатыны көрсетіледі.
  • 1536 жылы анасы Анна Болейнді мемлекеттік сатқындық және ерлі-зайыпты арасында опасыздық жасады деп тауып өлім жазасына кескеннен кейін, бұл құжат өзгертіліп, Елізабет VIII Генрихтің бірінші некеден туған қызы Мария сияқты некесіз туған бала болып жарияланады.
  • Аннаның өлімінен кейін ілі-шала VIII Генрих Джейн Сеймурға үйленеді, одан 1537 жылы ұлы Эдуард дүниеге келеді. 1544 жылы VIII Генрихтің өсиеті "егер Джейн Сеймур екеуінің некесінен туған ұлы Эдуард қайтыс болып және оның мұрагері болмаған жағдайда таққа отыру мұрагерлік құқығы бірінші Марияға және оның балаларына, одан кейін ғана Елізабетке және оның балаларына тиесілі" болып қайта өзгертіледі.
  • 1547 жылы әкесі VIII Генрих қайтыс болады.
  • Елізабет Кембридждің таңдаулы оқытушыларынан білім, тәлім-тәрбие алады. Ол грек, итальян, француз тілдерін меңгеріп, латын тілінде кіршіксіз таза сөйлейді.
  • 1551 жылы Эдуард Энфилдте тұрған Елізабет сарайға шақырады. Онда Эдуардқа бауыр басып кеткен Елізабетке 1553 жылы оның қайтыс болуы қатты соққы болып тиеді. Сол жылы Мария таққа отырады.

Таққа отыруы және орнығуы

өңдеу
 
І Елизавета. Портрет. Белгісіз суретші.1546ж.
 
І Елизавета тәж кию рәсіміндегі көйлегімен.
  • 1558 жылдың 17 қарашасында І Мария "Қанды Мария" қайтыс болғаннан кейін Елизавета таққа отырады. Кейін бұл күн протестантизмнің (XVI ғасырда католик дінінен бөлінген христиан дінінің бір ағымы) триумфы және " ұлттың тұған күні" ретінде18 ғасырға дейін созылған ұлттық мереке болды.
  • Тәж кию рәсімі 1559 жылы 15 қаңтарда Вестминстірлік аббаттықта (католиктер монастыры) өтті.
  • 1559 жылы Англикандық шіркеуді мемлекеттік етіп, өзін оның басшысы етіп жариялайды.
  • Елизаветаның тұсында англикандық нанымның жаңа рәмізі - "39 тармақ" жетілдірілді.
  • 1559 жылы Елизавета Франциямен арасымен татулық орнатады, Англияның халықаралық қарыздарын төлейді және тұрақты ақшалай бағам құрады. Бұл саясат шіркеу мен еркіндіктіің бағамын арзандатуды талап еткен католиктердің де, пуритандардың да (Англиядағы 16-17 ғасырлардағы діни-саяси қозғалысшылар) наразылығын тудырады. Сонымен қатар бұл саясатқа қарсы солтүстік графство (Англиядағы әкімшілік бірлік) көтеріліске шықты, испандық король Филипп ІІ және Еуропаның католиктік күштері қатысқан бірқатар сойқандық істер туындайды. 1570 жылы Рим папасы Пий V Елизаветаны шіркеуден аластатып, басшылықтан түсіреді, оған жауап ретінде Елизавета котоликтерді қуғындауды күшейтеді.
  • Католиктермен шиеленіс және Елизаветаның өзінің тақтағы орнын орнықтыруға тырысуы сол таққа отыруға үміттеніп жүрген Мария Стюартпен қақтығысуға ұласты; Елизавета Марияны түрмеге отырғызып, 1587 жылы өлім жазасына кеседі.

Соғыс жүргізудегі іс-қимылдары

өңдеу
 
Испандық Армаданы жеңу құрметіне арналаған І Елизавета медалі
  • Елизаветаның халықаралық саясаты протестантизмнің мүддесін сақтап қалды; ол француздық гугеноттарға (XVI ғасырдағы француздардың протестанттар тобы) көмектесті және І Мария басқарған кезде жоғалтып алған Калені қайтарып алу мақсатында 1562-1564 жылдары Франциямен соғыс жүргізеді.
  • Испандық патша ІІ Филипп некелесуге жасаған ұсынысын қабыл алмай, Елизавета 1588 жылы испандық үстемдікке қарсы көтерілген Нидерландқа көмек көрсетеді. Мария Стюарттың өлімінен кейін 1588 жылы Филипп Англияға қарсы "Жеңімпаз Армаданы" (соғыс кемелерінің үлкен құрамалары) жібереді. Олар Ла-Маншта ағылшын флотынан жойқын жеңіліске ұшырайды. Елизаветаның әскерлер алдында, қауіп-қатер кезінде "олармен бірге майдан ортасында", ұрыста қаза табуға ант беруі, оның даңқын асқақтатты.
  • Армаданы жеңу оған "тенізді билеуші" деген жаңа атақ әкелді және Еуропаның барлық протестанттық күштерінің көшбасшысы болды, Англияның халықаралық жағдайын нығайтты.
  • Елизавета Англияның қарқынды сауда жасауға және отаршылдығын кеңейтуге мүмкіндік жасады. Ол жеке өзі Хокинс (Гаукинс), Дрейк және т.б. қарақшыларға қолдаушылық көрсетті.
  • Елизаветаның тұсында Ирландияны жүйелі түрде жаулап алып тұрды.

Ішкі саясатты басқаруы

өңдеу
 
І Елизавета . Портрет. Суретші М.Герарте.1592ж.
  • Елдің ішкі саясатында Елизавета орталық әкімшілікті күшейтті, қаржыны ретке келтірді, флотты көбейтті, саудаға қолдаушылық көрсетті. Оның қолдауымен Москвалық бірлестіктер орыс нарығында нығайды, Эстляндық - Балтикада. Берберилік (Африкандық) - Африкада, Левантилік - Таяу Шығыста, Күншығыс Үнді - Үндістанда; Солтүстік Америкада алғашқы ағылшындық отаршылдық құрылды; Роанок және Виргиния аралдарында пайда болған алғашқы елді-мекендер Елизаветаның құрметіне аталды.
  • 1566 жылы Лондонда алғашқы биржа ашылды; парламентте көпестер өкілдерінің саны көбейді. Сол жылдары қаңғыбастар мен қайыршыларға қарсы қатал заң шығарылды.
  • Елизавета өзінің парламентпен кеңесуге лайық екендігін дәлелдей отыра депутаттарға тақ мұрагерлігі, шіркеу құрылымы және қаржы мәселелері өзінің айрықша құзырында екендігін түсіндіріп, олар туралы мәселе көтеруге тыйым салады.
  • Елизавета тұсында парламент негізінен тек салыққа дауыс беру үшін шақырылды, басқа уақыттарда жеке өзі ғана басқаруға тырысты.

Өнер мен әдебиеттің өркендеуі

өңдеу

Жеке өмірі

өңдеу
 
І Елизавета Тюдордің қайтыс болуы. Суретші П.Деларош.1828ж
  • Елизаветаның мұрагерінің болмауы өзін де, құзырындағыларды да қапаландырады. Дәрігерлер кесімі бойынша Елизавета бала көтере алмайтынын білген еді. Сондықтан ол өзіне сөз салған тәжді де, тәжсіздердің де барлығынан бас тартады. Парламенттің өзіңе жар таңда деген ұсынысына "менің жарым - Англия, құзырымдағылар - балаларым" деп жауап қайтарады.
  • Алайда оны, әдемілігімен белгілі болған граф Крутене Девоншир қызықтырады, бірақ ол кезде Англияны басқарған Мария Кровавая да Крутенеге ғашық болғандықтан Елизавета онымен қарым-қатынасын үзеді.
  • Тауэрде герцог Нортамберлендтің ұлы Роберт Додлейді ұнатады. Кейін ол Елизаветаның сарай маңындағы ақсүйектерінің бірі болады. Елизавета корольдік кеңесші Сесильді - "ақылым" деп санаса, Роберт Додлейді -" жүрегім" деп санады. Оған көп жомарттық көрсетеді, жер иелігін және граф Лейчестердің лауазымын береді. Лейчестер корольдік тәжден үміттеніп, Елизаветамен некелесу мақсатымен бірінші және екінші әйелдерін уландырып өлтіреді. Осының барлығын білсе де Елизавета Лейчестерге мойынұсынып, қылмыстарына көз жұма қарайды. Нидерландтағы соғыста армияға қолбасшы болған Лейчестер ағылшын армиясын құртып келсе де Елизавета оны сарайдың министрі етеді, кейін генерал-лейтенат атағын береді. Бірақ оның барлық талабын орындасада Елизавета тақты және ағылшын тәжін онымен бөліспеді, ол жағына берік болды.
  • 45 жылдық билігінде басқада көптеген фавориттері (латын.т. аударғанда ықыластылықтары) болады. Сол фавориттерінің ішінде Англия тарихына жарық із қалдырған граф Лейчестер мен оның өгей ұлы Роберт Эссекс болды.
  • Елизавета Мария Стюарттың ұлы Яков І-шіні өзінің ізбасары етіп тағайындайды.
  • 1603 жылы 24 наурызда Ричмонд сарайында қайтыс болып, Вестминстірлік аббаттықта жерленеді.[2][3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Всемирная история в лицах. Позднее средневековье. Москва - 2000.ISBN 5-224-01411-5, ISBN 5-224-01421-2
  2. Большая советская энциклопедия, 9-том. Москва - 1972.
  3. Иллюстрированная энциклопедия. История XVI-XVIIIвв. Москва - 2004. ISBN 5-94849-302-1(общ.) ISBN 5-94849-536-1
Саяси қызметтері
Ізашары:
Мария І
Англия корольдігін билеуші - королева, ағылшынның жоғары билігінің көрнекті өкілі
15331603
Ізбасары:
Яков І
  NODES