K-popОңтүстік Кореяда 1990-шы жылдардың ортасында батыстың электропоп, хип-хоп, заманауи R’n’B сынды музыкалық жанрлардың элементтерін бойына жинаған жаңа музыкалық жанр.

K-pop
Бағыт

поп

Бастаулары

электроника • электропоп • хип-хоп • рок • заманауи ритм-н-блюз

Пайда болған уақыты мен жері

1990 жылдың басы, Оңтүстік Корея

Өркендеу жылдары

1990 — осы шақ

Туыстас жанрлар

J-pop, C-pop

Туынды жанрлар

Q-pop

Ол тек ән ғана емес, бүкіләлемдік би мен Оңтүстік Кореяның киіну ерекшелігін біріктіретін, жастар арасындағы субмәдениет. Оны айдолдар деп аталатын, танымал жастар тобы әншілер мен бишілер болып орындайды. Олар блюз бен рэпті араластыра отырып, тек Кореяның ғана емес, ағылшын өлеңін де қосып айтады. «Модаға кірген батыс әні мен жоғарғы энергетикалық Жапондық әндердің қосындысы болған к-поп, ерекше дауыс шығарып, адамдарға бірден әсер етеді[1][2]» деп 2006 жылы Rolling Stone журналына баспаға шығады. Әлем бойынша өте белсенді дамып жатқандығына таңқалған пекиндік журналистер бұл кореялық музыкалық жанрды K-pop деп атады.

K-pop-тың танымалдылығы

Көпшілікке танымал емес K-pop кореялық IT-индустрияның соңынан ілесе дами отырып, сол кездері жаңадан пайда бола бастаған әлеуметтік желілер, ұялы телефондардың дүниеге келуімен таныла бастаған еді. Сөйтіп интернеттің, жаңа технологиялардың дами түсуі дүние жүзі бойынша K-pop табынушылар санының артуына басты себеп болды.Қазіргі к-поп дамудың шарықтау мәнінде тұр. Ол жастар арасында танымал болғаны соншалық, тіпті, 2010 жылы Кореяның президенті мен Youtube басқармасы кездескен жиында әдейі к-поп үшін [youtube.com/k-pop] атты бөлек канал шығарылған. Соның ішінде алғашқы 3 орын алып турған көріністер бар. 3,9 миллиард көріністің ішінде PSY 2012 жылы Gangnam Style бейнежазбасы 2422 миллион көрініс, 2013 жылы шыққан Gentleman бейнежазбасы 867 көрініс, ал 2012 жылы PSYfeat- тен шыққан OPPA just is my style атты бейнежазбасы 890 миллион көрініс тапқан.

К-поптың белсенді әрі кең ауқымда таралып келе жатқанының бір негізі: американдық композитор, жазушы- Куинси Дилайт Джонс Billboard журналына берген сұхбатында «Көптеген Корейлік концерттерге барғанда әндерімен таң болдым. Орын барысы, хореография және орындалуы керемет болды, бірақ бір маңыздысы, мен корейлік әннің рухын сезіндім» деп хабарлайды.Корейлік әннің атақты болып жатқандығының тағы бір кепілі-ұйымдастырылып жатырылған турларды. Ол жерде өзіңнің сүйікті тобыңды көре аласың. 2009 жылы К-поп тур арқылы Сеулға 7000-нан астам жанкүйерлер келді. Ол кезде JYJ атты топтың концерті болып жатқан. Сол түнде көптеген жанкүйерлер бүкіл әлемнен жиналып, Барселонада бір түн өткізіп шықты.

Blackpink тобы әлемдегі ең танымал әйел топтарының бірі. Жақында біткен Born Pink әлемдік туры оларға қаншама пайда әкелді. 2018 жылы шыққан Ddu-du ddu-du әнінің бейнебаяны 2,1 миллиардтан астам қаралым жинады.

K-pop тарихындағы есте қаларлық сәттер

өңдеу
 
Ынхёкке неміс жанкүйерлерінен сый

Корейлік ән тарихында сүйікті әншіңе күріш беру салт-дәстүрге айналған. Ол арқылы жанкүйерлер өздерінің махаббаты мен сыйластығын дәлелдейді. 2013 жылы TIME атты журналдың баспасында айтылғандай BIG BANG-тың қатысушыларына 12,7 тонна күріш берілген. К-поп тарихында сол жыл «к-поп-қа құрбандық шалған кез» деп аталады. Олардың ішінде Ро Сынъгу- да күрішті кемемен жеткізетін 24 сауда орны бар. Сүйікті айдолдарға махаббат сезімін білдіретін тағы бір жол- оған түскі ас жіберу. Бұл жанкүйерлер сүйікті әншілерінің толы кестесіне уайымдағандықтан пайда болды. Содан соң түскі асты жеткізумен айналысатын компаниялар жарық көрді.

Қазақстандағы K-pop

өңдеу

Интернеттің арқасында осыдан 2 жылдай бұрын корей толқыны біздің де елге келіп жетті. Ал соңғы уақытта жастар кореялық сериалдарды тамашалап, музыкасын тыңдап қана қоймай, корей тілін үйренуге деген құлшыныс білдіруде. Сондай-ақ қазақстандық жастар кореялық танымал әншілердің, әртістердің елімізге келулерін сұрап, оларға түрлі хаттар жолдап, корейліктер ұйымдастырған түрлі байқауларға белсенді қатысып жүр. Әлеуметтік желілерде түрлі пабликтер мен блогтар ғана ашылып қоймай, байқап қарасаңыз, қазақстандық интернет контент біртіндеп K-pop-қа арналған сайттармен де толығып келеді. Қазіргі қазақ жастары «мен үшін K-pop деген энергияға, жастыққа, би мен көңіл көтеруге, жақсылық пен өжеттілікке толы әлем» деп бағалайды. Тіпті, әлемге таным болып жатқан Корей толқыны Қазақстандық «V-Alem» тобынада зор әсер етті. Олардың айтуынша К-поп жұлдыздары өздерінің киім киісімен, биімен, стилімен бүгінгі топтарға кішігірім әрі ерекше бастау жасап берді әрі шоу бизнеске де үстеу болып отыр. Сонымен, к-поп дүние жүзіндегі интернеттің, жаңа технологиялардың дами түсуімен байланыстырылған, терең тарихы мен керемет ерекшелігі бар, ән тарихына зор үлес қосқан туынды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Hartong Jan Laurens. Musical terms worldwide: a companion for the musical explorer. — Semar Publishers, 2006. — P. 15. — ISBN 978-88-7778-090-4.
  2. Jeff Benjamin. The 10 K-Pop Groups Most Likely to Break in America Мұрағатталған 10 шілденің 2012 жылы. (ағыл.). Rolling Stone (18 мамыр 2012).
  NODES