Polaroid (компания)

 Басқа мағыналар үшін Polaroid деген бетті қараңыз.

Polaroid Corporation — тұрмыстық фототехника, теледидарлар, LCD-теледидарлар, DVD-плеерлерін, электронды фотожиектемелердің өндірісімен айналысатын американдық компания. Көбінесе әлемде фотокомплекттердің топтамасын өндірісімен танымал. Polaroid «лезде фото жасау» түсінігімен жақын болғандықтан оның бренді ұзақ уақыт бойы барлық фотографиялар технологиясын белгілеу үшін қолданған. Сондықтан фототехниканы адамдар «поляроидты» деп атайды.

Тарихы

өңдеу

Polaroid компаниясының негізін қалаушысы Эдвин Лэнд 1909 жылы Коннектикут штатының Бриджпорт қаласында дүниеге келген. Оның атасы мен апасы 1880-ші жылдары Ресей империясынан АҚШ-қа эмиграциялады. Эдвин балалық шағында күн сәулесімен, калейдоскоппен, стереоскоппен түрлі тәжірибелерді жасау негізінде 1929 жылы Гарвард университетінің студенті болғанда әлемдегі бірінші поляризацияланған материалды жасай алды. Ол бірінші болып поляризация принциптерін тұтыну тауарларында қолданған: жарық шамдарында, 3 D- көзіллдіріктерде, ЖК- мониторларында, калькуляторлар мен компьютерлерде, тіпті күнге қарсы киетін көзілдіріктерде де қолданды. Патенттердің санынан тек Томас Эдисон Эдвин Лэндтің алдында болды. Эдвиннің патенттер саны 535-ке жетті. 1963 жылы Эдвин азаматтық ғылымға үлес қосқаны үшін АҚШ-тағы ең жоғарғы марапатпен - Президенттің бостандық медалімен марапатталды.

Polaroid компаниясы 1937 жылы қаланып, өзінің бірінші палароидті көзілдірігін 1930-жылдарының аяғында сатқан болатын. Сұраныс өскен сайын Polaroid тауарлары Еуропа мен Азия елдеріне экспорттала басталды. 1948 жылы Polaroid компаниясы жаңа фотоаппаратты ойлп шығардды. Ол бірден дайын фотосуретті шығарған болатын. Бұл үшін фирма фотоаппартпен қоса оған арнайы кассеталарды да шығарды. Polaroid фирмасының фотоаппараттарының шарықтау шегі 1980-1990 жылдары болған. 1977-1979 жылдары компания Super 8 (Polavision) кинопленкасын шығарды. Ал 1983 жылы оған ұқсас 35 мм-лік фотопленканы- Polachrome шығарды.

Банкроттығы

өңдеу

2001 жылы Polaroid өзінің бірінші банкроттығын бастан кешірді. Жыл барысында Polaroid компаниясының үлкен бөлігі Imaging Corporation компаниясына сатылды.

2003 жылы компания тұрмыстық техниканың нарығына шығып, портативті DVD-плеерлері мен LCD-теледидарларын шығара бастады.

2005 жылдың сәуірінда PGW компаниясы Polaroid компаниясын Imaging Corporation- нан 426 миллион долларға сатып алды.

АҚШ-тың банкроттық туралы 11-ші статьясы бойынша Polaroid компаниясы 2008 жылдың 19 желтоқсанында өзін банкрот деп жариялады.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
  NODES